«Мобильдік Үкімет» қызметтерін бұдан былай бір реттік парольмен алуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Мобильдік үкімет» қосымшасының жаңартылғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«M-Gov» нұсқасын жаңарту шеңберінде бір реттік пароль арқылы пайдаланушының авторизациясы бойынша функционал іске асырылды. Енді «mGov» мобильдік қосымшасының пайдаланушылары  қолданыстағы қосымшаның 43 мемлекеттік көрсетілетін қызметі мен 13 төлем түрінен басқа, бір реттік пароль арқылы 13 қызмет ала алады.

Сондай-ақ, IOS базасында «Мобильдік үкімет» қызметтерін пайдалануды бастау үшін  қосымшаны жаңарту жеткілікті. Ал Android үшін Google Play-де «mGov» қосымшасын  жүктеп алу қажет. 

Бір реттік пароль көмегімен алынатын 13 қызметтің тізімі:

1. Мекенжай анықтамасы;

2. Заңды тұлғаның, филиал немесе өкілдіктің  барлық тіркелген әрекеттері  туралы» анықтама;

3. Тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама;

4. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің болуы туралы анықтама;

5. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;

6. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;

7. Некеге тұру туралы анықтама;

8. Некені тіркеуге электрондық өтініш;

9. Баланың туу туралы анықтама;

10. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама;

11. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама;

12. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

13. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді.

Соңғы жаңалықтар