Валюта бағамдары:
    usd/kzt 470.34 eur/kzt 490.47

    rub/kzt 8.98 cny/kzt 70.25
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Мобильдік қосымшаларды қазақ тілінде қызмет көрсетуге мәжбүрлейміз – Мусин

2022 жылғы 24 мамыр 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мобильдік сервистер мен қосымшаларды қазақ тілінде қызмет көрсетуге мәжбүрлейміз. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек қана мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақша аударттық. Бірақ, олардың да сапасы аздап төмен екенін білеміз. Қазір жақсартып жатырмыз. Оларға талап қойылды, жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мұнда жекеменшік сервистердің, Facebook-тің қазақшасы неге жоқ деген сұрақ туындайды ғой. Бірақ оны біз қалай қазақша жасай аламыз? Ол – нарық. Facebook өзі жасамаса, біз жасай алмаймыз ғой. Оны мәжбүрлесек, қазақша жоқ деп жауып тастасақ, адамдар шулай бастайды. Сондықтан осы сатыда қазір Америкаға бармай-ақ қояйық, жанымыздағы сервистер – 2ГИС, Яндекс болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. «Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгіз» деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз», - деді министр Ақтөбе облысы жұртшылымен кездесу барысында.

Оның атап өтуінше, мұндай талапты заңға енгізу де қажет.

«Бұл күрделі мәселе. Бірақ, оны біртіндеп енгіземіз», - деді Бағдат Мусин.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме