Мобильді интернетті үнемдейікші – Бағдат Мусин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеп пайдалануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтар (айына – ред.) 15-20 Гбайт ақпарат тұтынып үйреніп қалғаны түсінікті. Бірақ үнемдейікші, мобильді интернет деген қымбат екенін түсінейікші. Үйге келгенде Wi-Fi-ға қосылу керек. Қандай да бір мәдениет болуы тиіс», - деді Бағдат Мусин бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ министр елімізде ең төменгі мобильді интернет тарифі 2700 теңге тұрады деген мәлімет келтірді.

Бұған дейін Б.Мусин Астана қаласы интернет жылдамдығы бойынша халықаралық рейтингіде Токионы басып озғанын мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар