Мобильді интернет жылдамдығы бойынша рейтингіде Қазақстан үш орынға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлем елдері рейтингісінде Қазақстан үш орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтарында мобильді ғаламтор жылдамдығы бойынша елдердің жаһандық рейтингісінде бірінші орынды БАӘ алды: мұнда жылдамдық секундына 183,5 мегабит. Бес үздік ел қатарына Оңтүстік Корея, Катар, Қытай және Сауд Арабиясы бар.

Қазақстан тізімде үш орынға көтеріліп, 103-орынға жайғасты. Еліміз рейтингідегі елдердің көтерілуі бойынша 25 үздік ел қатарында. Қазақстанда ғаламтор жылдамдығы бір жылда 6,6%-ға өсіп, секундына 20,15 мегабитке жетті. Бүгінгі күні Қазақстан мен Қырғызстан Орталық Азиядағы ғаламтор жылдамдығы бойынша көшбасшы елдерге айналған.

Атап өту керек, Қазақстандағы интернет жылдамдығы қолданылған трафиктің өсуіне қарамастан артып жатыр, яғни жылдамдық жүктеудің көбеюіне қарамастан өсіп келеді. Өз кезегінде қолданылған трафик көптеген қазақстандықтардың қашықтан жұмыс жасау, оқуға, видеоконтент қолданудың көбеюінен өсіп отыр. Мысалы, Beeline трафигі 2020 жылы 63%-ға, Kcell – 40,6%-ға, Tele2 – 34%-ға өскен.


Соңғы жаңалықтар