«Mob Fest» жобасы: Еліміздің ең үздік 20 мобилографы анықталады

None
Фото: shutterstock.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - «MOB FEST» Қазақстан мобилографтары республикалық фестивалінің II кезеңіне өткен 100 қатысушы іріктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат daraqory.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың I кезеңі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін онлайн режимде өтті. Фестивальге 7 524 мобилограф қатысып, байқау талабына сай, берілген тақырыптар бойынша 1 537 видео тіркелді.
Тіркелген туындылар ішінен 100 жұмыстың авторы II кезеңге жолдама алды. Алғашқы сыннан сүрінбей өткен 100 қатысушыға қорытынды кезеңде арнайы тапсырма беріледі. Олардың жұмысын медиа және кино саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалап, республикалық фестивалдің 20 жеңімпазын анықтайды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының «Mob Fest» жобасы дарынды жастарды қолдауға, креативті медиа индустрия өкілдерінің шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар