+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

ММА-дан Әлем чемпионаты: Қазақстандық сынған аяғымен жүлдегер атанды

2018 жылғы 23 қараша 22:07
Бөлісіңіз:
ММА-дан Әлем чемпионаты: Қазақстандық сынған аяғымен жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ММА шебері Әлем чемпионатында сынған аяғымен үш айқас өткізіп, сайыстан құр қайтпай қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, ММА-дан Қазақстан құрамасы Бахрейнде ММА-дан өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпы, командамыз 9 медаль, оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 7 қола медальге ие болды. Қола медаль иеленгендердің ішінде 56,7 келі салмақта өнер көрсеткен оралдық Әліби Теміртасовты ерекше атап өткім келеді. Екінші айқастың ортасында ол аяғынан жарақат алып, қалған екі айқасты ақсап жүріп өткізді. Шынымды айтсам, мен оның санын лоу-киктер жайы ауыртқанын, ісіну көп өтпей кететін шығар деп ойлаған едім. Бүгін Отанымызға оралғаннан кейін рентгенге түскесін Әлібидің жіліншік сүйегін сындыры алғанын білдік!!! Мұндай жарақатпен әлем чемпионатында медаль иеленбек түгілі, тіпті жүрудің өзі бейнет еді. Мен таңғалып отырмын», - деп жазады Айдар Махметов өзінің Фейсбук парақшасында.

Оның айтуынша, Әліби ¼ финалда бұрынғы чемпионаттың жүлдегері - америкалықты қылқындырып, жеңіп кеткен.

«Ал жартылай финалда Әліби осы сайыста чемпион болған дағыстандық Руслан Сатиевке алапат қарсылық көрсетті. Төрешілер Сатиевтің қолын көтерді. Міне, қазақ жері осындай батырларымен мақтануы керек! Осындай жігіттер біздің еліміздің атақ-абыройын аспандатады», - дейді А.Махметов.

Оның айтуынша, Әлібидің диагнозы күрделі болғандықтан, жарақат отасыз жазылмайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT