ММА-дан 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ММА-дан 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда 27 қараша мен 5 желтоқсан күндері аралығында өтеді. Ересектер арасындағы жарыспен қатар Қазақстанда жастар арасындағы (18-20) әлем чемпионаты да өтеді. Бұл туралы Ресейдің ММА Одағының президенті Радмир Габдуллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Наурыздың басында ұлттық құраманы қалыптастыратын Ресей чемпионатына федералдық округтер бойынша іріктеу кезеңі басталады. Биыл округтердегі кейбір чемпионаттарда әйелдер құрамасына іріктеу де басталатыны өте маңызды», - деді Габдулллин.

Еске сала кетсек, таяуда Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza FC 29 жарысы аяқталды. Қазақстандық фейтер Серік Разгалиев кәсіби мансабындағы алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Оның қарсыласы Қырғызстан спортшысы Манас Темірбеков болған.


Соңғы жаңалықтар