Млечиннің Қаңтар жайындағы кітабы негізінен Президент Тоқаев туралы - Ербол Еділов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізге танымал саясаттанушы Ербол Еділов «Қаңтар трагедиясы. Президент Тоқаев және сабақ алу» кітабының шынында не жайында айтатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресейлік журналист әрі публицист Млечиннің «Қаңтар трагедиясы. Президент Тоқаев және сабақ алу» кітабы әлеуметтік желінің қазақстандық сегментін біраз даурықтырды. Ал кейбір телеграм-каналдар отқа май құя түсті. Дегенмен, егер бұған объективті түрде қарайтын болсақ, онда сынның бәрі «оқыған жоқпын, бірақ кінәрат артамын» деген формулаға негізделеді. Ешкім, әсіресе журналистер мен саясаттанушылар контекстен еш уақытта жұлып алуға болмайтындығына дауласа қоймас. Бірақ, мұндай жайт орын алып жатыр. Кейбір келтірілген тезистер біржақты емес әрі даулы екендігімен келісемін. Алайда, тағы қайталап айтамын, алдымен кітапты толық оқып шығу керек. Мәселен, Гитлердің «Майн кампф» кітабын егер ішінде бірнеше жақсы идея мен әлеуметтік әділеттілік болғаны үшін қайырымды әрі адал кітап деуге болмайтындығы анық. Екінші жағынан «Қаңтар трагедиясы» көп жағдайда жыл басында Қазақстанда болған оқиға және ондағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына қатысты жұмсартып айтқанда теріс түсінігі бар ресейлік аудиторияға арналған. Автор ресейлік саясаттанушылардың Қазақстанға қатысты әрекеттері «қазақ халқын алаңдатып, дүрліктіреді және антиресейлік көңіл-күйді анық тудырады» деп турасын айтады. Ендігі қалғаны бұл кітап Ресейдің барлық оқырманына болмаса да сол бір саясаткерлерге, өздерін журналистпін дейтін үгітшілерге жеткеніне үміт арту», - деп жазлы Ербол Еділов Telegram-да.

Сарапшының айтуынша, аталған кітапқа және ондағы цитаталардың жариялануына да назар аудармай қоюға болмайды.

«Тек объективті қарап, әрбір жолын жіті оқу және Млечин біреулердің сөзімен жазғанына, қалай дегенде де жазушы ретінде бір нәрселерді қосқанына түсіністік таныту керек. Дәл осы ұстаныммен осы күндері пайда болған бір-екі тезисті қарастырып көргім келеді. Біріншіден, олар алғашқы күндері «Тоқаев күштік құрылымдар ұйымдастырған нағыз ақпараттық оқшаулауда қалды» және «оны ауқымды тәртіпсіздіктермен, негізгі облыс орталықтарына шабуылдаған бандиттердің санымен, олардың Ақордаға – Президент резиденциясына шабуылдау жоспарымен қорқытты» деген тезистер. Шындап келгенде, солай болған сияқты. Мұндай нұсқаны тіпті кейбір отандық тәуелсіз БАҚ-та ұсынды. Айтпақшы, Президенттің бандиттерге қарсы оқ ату бұйрығы да бүкіл мәлімдеменің ішінен жұлып алынған. Осыны назарға алар болсақ, кітаптағы «Мұрат Бектенов өзінің өкілеттігін асырғаны анық және қажеті болмай қалған кезде күш қолданды» деген келесі бір тезис барынша түсінікті бола түседі. Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектеновке қарсы айыптаулардың уақыты өте келе өзгергенін ескерсек, мұнымен бәрі де келіседі», - деп санайды Ербол Еділов.

Айта кетейік, 20 желтоқсанда Ресейдегі Қазақстан елшілігінде Леонид Млечиннің «Қаңтар трагедиясы. Президент Тоқаев және сабақ алу» кітабы таныстырылған болатын.

Дәл осы кітаптың Алматыдағы тұсаукесері 24 желтоқсанға жоспарланған еді. Алайда, автордың коронавирус жұқтырып алуына байланысты қаңтар айына шегерілді.

Фото: time.kz


Соңғы жаңалықтар