Мизам базары төңірегіндегі дау: Байбек өзінің де, әкімдіктің де мүддесі жоқ екенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мизам базары төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мизам базарында санитарлық нормалар бұзылған. Бұған қоса, ол жерде қиын-қыстау 90-шы жылдары контейнерлер рұқсат қағаздарынсыз орналастырылған. Ал контейнер дегеніміз жүк тасымалдауға арналған металл ыдыс қой. Базар иелері болса, сол жерде сатушылар денсаулығын құртып, ыстықта да, суықта да жұмыс істегенін, адамдардың барғанын қалайды», - деді Бауыржан Байбек.

Осы ретте ол өткен аптада ғана базардан өрт шыққандығын еске салды.

«Өздеріңіз де білетіндей, құрылысты бақылау басқармасы базардың заңсыз бөлігін ғана сүріп тастап, жерді мемлекетке қайтаруды талап еткен болатын. Қаланың қоғамдық кеңесі аталған жерге аудан балаларына арналған мектеп салуды ұсынды. Бұған қоса ол жерде үлкен қажеттілік бар, жер жетпейді. Яғни, біз 8 мектеп салмақпыз, ал оның 5-еуіне жер жоқ. Сатып алу үшін барлық процедуралардан өтіп, соттасуға тура келеді. Адамдардың барлық уақытта да бағаға көңілдері көншімейді. Егер базар заңды талаптарды орындамайтын болса, онда жерді мемлекетке алып, сол жерде мектеп саламыз. Тағы да айтам, менің де, әкімдіктің де жеке мүддесі жоқ. Қаншама қиын болса да біз бұл жұмысты қала мен мемлекет мүддесі үшін, көлеңкелі экономиканы төмендетіп, қарапайым алматылықтарды әлеуметтік қорғау үшін жалғастыра береміз», - деді Бауыржан Байбек.

Осыған дейін алматылықтардың «Мизам» базарындағы контейнерлердің орнына мектеп салуды талап еткендігі туралы жаздық.

Сонымен қатар Алматы әкімдігінің «Мизам» базарымен жалға алу туралы келісімшартты бұзатындығы туралы хабарладық.

Соңғы жаңалықтар