Миялы қорғанынан табылған сауытты адамның бас сүйегі Мажарстанда қалпына келтіріледі
2021 жылғы 15 сәуір 17:51

Миялы қорғанынан табылған сауытты адамның бас сүйегі Мажарстанда қалпына келтіріледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Миялы қорғанынан табылған темір адамның бас сүйегі Мажарстанда қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зерттеу орталығының жетекшісі Қырым Алтынбековтің мәліметінше, былтырғы маусым-шілдеде Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары Миялы қорғанына жүргізілген қазба жұмысы кезінде темір сауытты адамның сүйегін тапқан. Сүйек 3 метр тереңде сақталған. Онымен бірге, ұзындығы 1 метр семсер, табақ мен өзге де заттар шыққан.

«Темір сауытты адам ел тарихына қосылатын құнды жәдігер. Сол себептен, тарихи жәдігердің құндылығын жойып алмау үшін оған антропологиялық, ДНК зерттеулер жүргізу қажет болды. Зерттеу жұмысы биылғы қаңтарда басталды. Алайда, елімізде сүйектердің морфология және метрика анализін қамтитын антропология талдауын жүргізетін арнайы мамандар жоқ. Соған байланысты Мажарстаннан жаратылыстану саласының ғылыми қызметкерлері шақыртылды. Темір сауытты адамның бас сүйегін қайта қалпына келтіру үшін кейбір бөліктері сол елдегі жаратылыстану ғылыми орталығына жіберілді», - деді Қырым Алтынбеков.

Еске сала кетелік, былтыр Атырау облысында темір сауытты жауынгер табылған болатын.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT