+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Мияке Кунихико: Жапониялықтар Ұлы Жібек жолына қызығушылықпен қарайды

2021 жылғы 3 наурыз 16:03
Бөлісіңіз:
Мияке Кунихико: Жапониялықтар Ұлы Жібек жолына қызығушылықпен қарайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесі Жапония Елшілігімен бірге «Шығыс Азияның қазіргі жағдайы және оның Орталық Азияға әсері» тақырыбында вебинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапония Министрлер кабинетінің арнайы кеңесшісі, «Canon Institute for Global Studies» институтының директоры Мияке Кунихико Қазақстанның геосаясаты туралы, бұл тұрғыда Жапония Қазақстанға қалай қарайтыны туралы дәріс оқып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«Геосаясат деген – қандайда бір мемлекеттің география тұрғысынан қарағанда қауіпсіздігін зерттейтін ғылым. Мемлекеттердің стратегиясы өте қарапайым қағилаларға негізделуі керек. Бірінші, шекаралас мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынаста болу. Екінші, арақашықты сақтау. Үшінші, теңіз арқылы байланыс түрлерін сақтап қалу. Осы жағынан алып қарағанда Қазақстан Жапония үшін өте маңызды рөл атқарады. Қазақстан қазба байлықтарына бай, бейбітшілігі мен тұрақтылығы бар, гүлденіп келе жатқан мемлекет», - дейді Мияке Кунихико.

Оның айтуынша, Қазақстан Совет одағы ыдырағаннан кейін аймақтағы тұрақтылықты сақтап қала алды.

«Құрлықтағы мемлекеттердің стратегиясы әртүрлі. Біздің мемлекеттердің географиялық орналасуы әртүрлі болғанмен, ортақ мақсаты бар, ол - мемлекетті дамытып, бай әрі еркін ел болу. Халықаралық қатынастан хабары бар әрбір адам Орталық Азияның, Қазақстанның маңыздылығын сөзсіз түсінеді. Сол себепті Совет одағы ыдырағанан кейін көптеген мемлекет назарын Орталық Азияға аударды. Экономикалық тұрғыда өзге мемлекеттің назарын өзіңе аударту үшін алдымен тарихи, мәдени және салт-дәстүр құндылықтарын сақтап қалу керек. Жапониялықтар Ұлы Жібек жолына қызығушылықпен қарайды. Оларды осыған назар аударта отырып қарым-қатынас құруға болады, бірақ бұл елшілер қолға алатын мәселе», - дейді ол.

Zoom платформасында өткен шараға Елбасы қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты және Философия институтының сарапшылары, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР-дағы Жапония елшілігінің өкілдері, еліміздегі ЖОО-ның студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT