Митрополит Александр: Қазақстанның дәстүрлі құндылықтарға оралуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз бүкіл әлемге данышпан саясаткер және өмірін Отанға қызмет етуге арнаған көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танымалсыз. Сіздің өмірлік мол тәжірибеңіз, даналығыңыз бен саяси көрегендігіңіз республиканың қалыптасуы жолындағы күрделі жағдайларда құндылыққа айналды. Осы жылдар өмірдің барлық салаларындағы ауқымды реформалар жүргізумен, экономика өсімі үшін жағдай жасаумен, қоғамды кезең-кезеңімен демократиялаумен ерекшеленді. 1991 жылы Сіз бастап берген ел дамуының қарқыны күшейіп, өзінің айтарлықтай нәтижесін беріп отыр», - делінген құттықтау хатта.

Митрополит Қазақстанның дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтар мен мәдени түптамырына қайта оралуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екендігін атап өтеді. Көптеген жылдық мемлекеттік жұмыстағы маңызды жетістіктерінің бірі республиканы ұлтаралық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің ортасына айналдыруы екендігіне баса назар аудартады. Соның арқасында еліміз әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерімен ынтымақтастық үшін бірегей диалог алаңы құрылғандығын айтады.

Сөзінің соңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстандағы Православ шіркеуі еліміздегі конфессияаралық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайту ісіне белсене араласа беретіндігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар