Митинг туралы заң «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай - Ерлан Саиров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров бүгін Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстанда бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл заң жобасын әзірлеу және қабылдау процесінің өзі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» философиясына сай келеді. Яғни, заң жобасының логикасы қоғам қажеттілігіне байланысты өзгертіледі», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, бастапқы әзірленген заң жобасының тек атауы ғана қалып, құжат толық өзгерген. Мұның барлығы аталған заңның азаматтардың қолдануына жеңіл әрі ыңғайлы болуы үшін жасалып отыр.

Сонымен қатар институт басшысы бұл заң жобасын қабылдау процесінің созылып кетуіне қатысты да пікірін білдіріп өтті.

«Демократия - бұл келісу мен процедуралар. Келісу мен процедуралар көп болған сайын заң жобасы қолдану кезінде барынша ыңғалы бола түседі. Сондықтан егер ырықтандыруға қарай қандай да бір тағы өзгертулер болатын болса, онда біз мұны құптаймыз. Ал дәл қазіргі уақытта заң жобасы ақылға қонымды және халықаралық стандарттарға сай келеді деп айта аламыз», - деді Ерлан Саиров.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаттары «Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар