«Мистер Қазақстан-2017» конкурсына іріктеу басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Mister Kazakhstan - 2017» ұлттық конкурсының өңірлік кастингі ашық деп жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алғашқы кастинг Астанада өтеді. Жас жігіттер арасындағы кейінгі кастингтер мына қалаларда өтеді: Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Семей, Орал, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Петропавл, Ақтау, Түркістан, Көкшетау, Талдықорған, Тараз», - деп жазылған конкурс дирекциясының Инстаграмдағы ресми парақшасында.

Конкурстың шарты бойынша, өтініштер 16-дан 25 жас аралығындағы бойы 180 см-ден жоғары ҚР азаматтарынан қабылданады. Айта кетейік, іріктеу кезеңі 15 желтоқсан күні басталды. Қазірге дейін онлайн түрде 90 сауалнама толтырылған. 

Еске сала кетейік, биылғы жылы Алматы қаласынан қатысқан 25 жастағы хирург Зафар Сулейменов конкурс жеңімпазы атанды. Бүгінгі таңда ол сән әлемінен алыстаған. Сондықтан, 26 ақпаннан 6 наурыз аралығында Перуде өтетін «Mister Real Universe 2016/2017» халықаралық конкурсында «Mister Kazakhstan 2016» финалисі Болат Мұратбеков Қазақстанның намысын қорғайды. 

Видео опубликовано Mister Kazakhstan (@misterkazakhstan_official) Дек 19 2016 в 6:48 PST

Соңғы жаңалықтар