«Missis World-2018» жеңімпазы Ыстықкөлдегі жол апатында қаза тапты

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Вьетнамда өткен халықаралық байқаудың («Miss Universe Beauty») «Missis World-2018» (2018 жылғы әлем миссисі) аталымы бойынша жеңімпаз, үш баланың анасы Сәния Шәкірова жол апатында қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат қырғызстандық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

«2 маусым сағат кешкі 21.00-дер шамасында 1987 жылы дүниеге келген такси жүргізушісі Ч.К. «Равон-3 маркалы көлігімен батысқа қарай бара жатып Шоқтал ауылына таяу жерде жолдан шығып кетіп, жол шетіндегі кедергіге соғылған.

Салдарынан 38 жасар Бішкек тұрғыны С.Р. Чолпон-Ата клиникасына жеткізілген. Екінші жолаушы - Шу облысының тұрғыны С.М. алған ауыр жарақаттардың кесірінен оқиға орнында көз жұмған. Таксидің жүргізушісі ота жасауға Бішкек қаласындағы №4 қалалық ауруханаға  жеткізілді», деп жазады akipress.org.

Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді, тергеу амалдары басталып кетті.

Кейбір деректер бойынша, қаза тапқан Сәния Мәмбеталиева (Шәкірова) - 2018 жылы Вьетнамда өткен «Miss Universe Beauty» арулар байқауында «Missis World-2018» аталымы бойынша жеңімпаз атанған.

 

Соңғы жаңалықтар