+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Miss Virtual World аруы атанған қазақстандықтың тәжі Мексикадан жеткізілді

2019 жылғы 4 желтоқсан 17:41
Бөлісіңіз:
Miss Virtual World аруы атанған қазақстандықтың тәжі Мексикадан жеткізілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Miss Virtual World 2019 атағын жеңіп алып Мексикаға бара алмай қалған қазақстандық ару Арайлым Ишахаттың тәжі Қазақстанға әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында қазақстандық бойжеткен Мексикадан жеткізілген тәжімен фотосессия ұйымдастырды.

21 жастағы Арайлым Ишахат Атырау облысы Индер ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласында медициналық университетті бітірген. Байқау жарияланған кезде Арайлым оқу орнын жаңадан бітірген жас маман болған.


Оны конкурсқа сурет жіберуге әпкесі көндірген көрінеді. Байқауға қатысуға өтініш берген соң бойжеткен мемлекеттік органда статистика бөліміне бас маман боп жұмысқа орналасады.

«Мен әпкемнің айтқанын тыңдап, суретімді жібере салдым. Жай ғана қарапайым үй киімімен түскен сурет болатын. Бірінші кезеңнен өткенде таң қалдым. Осылайша Қазақстанның Виртуалды Аруы атандым. Бірақ ұлттық кезеңнің жеңімпаздарының барлығы бірдей финалға өткен жоқ. Арада тағы интернет арқылы дауыс беру процесі жүрді. Менің суреттерім жеткілікті дауыс жинап, Мексикада өтетін Әлемнің виртуалды аруы марапаттау шарасына шақырту алдым. Халықаралық байқауға шыққанда сапалы фотоларымды жіберуге тырыстым. Мексикаға бару үшін тіпті мемлекеттік қызметтегі жұмысымнан кетуіме тура келді. Байқау немесе жұмысты таңдау керек болды. Бірақ, мен тәуекелге бел будым. Бұл бір беріліп тұрған мүмкіндік болар, ал жұмыс қашанда табылады деп ойладым», - деді Арайлым.


Дүбірлі доданың марапаттау шарасы Мексиканың Канкун қаласында 15 қарашада өткен.

Арайлымды ата-анасы мұхиттың арғы бетіндегі Мексикаға жалғыз жібергісі келмеген.

«Ата-аналарым танымайтын елге жалғыз өзімді жібергісі келмеді. Бірақ олар менің таңдауымды бағалады. Мексикаға жолға шықтым. Токио арқылы ұшып бара жатқанда визам дұрыс болмағандықтан, мені рейстен түсіріп алды. Сол кезде қатты жыладым, ауыр көйлектерім салынған сөмкелерімді көтеріп Қазақстанға қатып келуіме тура келді. Сосын неге бара алмағаным туралы байқау ұйымдастырушыларына видеоүндеу жібердім», - деді Арайлым.



Байқау ұйымдастырушылары марапаттау шарасы болатын кезде Арайлымды скайп арқылы байланысқа шығуын өтінген.

«Сосын таңғы сағат 5-те шетелден қоңырау келді. Ұйықтап жатқанмын. Маған тікелей эфирге шығуымды сұрады. Ақ футболкамен шығуыма бола ма дегенімде, болмайды, дайындық керек деді. Мен тез арада қазақтың ұлттық киімін киіп, боянып үлгердім. Бірнеше сағаттың ішінде тез дайындалып, эвирге қосылдым. Екінші орын ресейлік ару - Алена Портнягинаға бұйырды. Бірінші орын Арайлым Ишахат дегенде тіпті таңданыстан үнсіз қалдым. Ар жағында жүргізушілер менің реакциямды күтіп жатыр. Мен ештеңе айта алар емеспін. Таңданыстан толқығаным сонша, біраз уақытқа дейін дейін ойымды айта алмай қалдым», - деді бойжеткен.

Марапаттау салтанатына жеңімпаздың келмегені қатысушылар арасында дау туғызған. Көптеген қатысушылар байқауды ұйымдастыруға ұсыныс жасап, интернет арқылы берілген дауыстың әділ саналғанына күмән келтірген.


Әлеуметтік желіреден алынған фото
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT