«Мисс Азия Ресей-2018» байқауы: Қазақстан атынан ақтаулық ару қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жәмилә Нұралиева есімді ақтаулық ару «Мисс Азия Санкт-Петербург-2018» байқауының қорытындысы бойынша үздік үштікке еніп, «Мисс Толерантность» аталымын жеңіп алды. Енді ол  «Мисс Азия Ресей-2018» байқауында Қазақстан атынан сынға түседі, деп хабарлайды Лада.

Жәмила бұл байқауда тағы бір қазақ қызы бақ сынап жатқанын айтты. Бірақ ол Түмен облысы атынан қатысады.

«Тағы бір қазақ қызы бар. Ол Түмен облысы атынан сынға түседі. Байқауға қатысушылардың көбі Ресей аумағында тұратындықтан, олар өздері тұратын қалалардың атынан қатысады. Ал мен секілді Ресейден тыс аумақта тұратын қатысушылар өз елінің атынан шығады. Мен Қазақстан атынан жалғыз қатысушымын», - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Джамиля Нуралиева (@jamilyanuralieva) 19 Окт 2018 в 7:23 PDT

Жәмиләға мына жерде дауыс беруге болады.

«Miss Asia Russia-2018» финалы 30 қарашада өтеді. 

Соңғы жаңалықтар