Мишель Обама жарын ерекше құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Мишель Обама өзінің жары Барак Обаманы шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толу оқиғасымен Желі арқылы құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сен бұрынғыдай менің ең жақын досым және мен білетін ерекше жан болып қала бересің. Мен сені жақсы көремін», - деп жазады Мишель Твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, Барак және Мишель Обама 1992 жылы 3 қазанда шаңырақ көтерген. Жұлдызды жұп екі қыз тәрбиелеп отыр.

Соңғы жаңалықтар