Miramax киностудиясын Катардағы медиакомпания сатып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катарлық BeIn медиатобы 700-ге жуық фильмді, соның ішінде «Криминалдық ізеттілік» (Pulp fiction), «Ағылшын пациенті» (Tht English patient) және «Жасы үлкендерге мекен емес» (No country for old men) фильмдерін түсірген америкалық Miramax киностудиясының 100 пайыз акцияларын сатып алғанын хабарлады.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, Мәміленің жалпы сомасы жария етілмеді. BeIn таратқан баспасөз хабарламасында, студияның акциялары катарлық Qatar Investment Authority мемлекеттік инвестициялық компаниясы мен калифорниялық Colony Capital-дан сатып алынғаны көрсетілген.

BeIN мәлімдемесі бойынша, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Еуропаның 24 елінде, сондай-ақ АҚШ-та телеарналарға иелік етіп отырған Miramax тәуелсіз кинокомпания ретінде жұмыс істеп жатыр.

Кинокомпанияның жаңа иелері студия фильмдерін тарату жүйесін кеңейтуді, сондай-ақ жаңа фильмдерді түсіруге қатысуды көздегенін мәлім еткен.

Соңғы жаңалықтар