12:33 Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Together» атты жаңа әні жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:33 Ғарышкер Жер орбитасынан қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай өңірінде туып-өскен ғарышкер, қазір «Роскосмоста» еңбек ететін Дмитрий Петелин Жер маңы орбитасынан видео жолдап, қазақстандықтарды қазақ және орыс тілдерінде құттықтады. Видео kostanaynews Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:52 Ауғанстандағы зілзаладан 11 адам қаза болды: Дүмпу Қазақстаннан бөлек, 4 елде сезілді ИСЛАМАБАД. ТАСС – ҚазАқпарат – Сейсенбі күні кешке Ауғанстанда болған жер сілкінісінен Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында кем дегенде 9 адам қаза болды. Ауғанстан шығысындағы Лагман провинциясында тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
08:48 Юлия Путинцева Майами турнирінің бірінші матчында жеңіліп қалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамидегі (АҚШ) жекелей разряд турнирінде бірінші айналым матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
08:04 Астанада Қазақстан – Словения матчынан кейін қосымша автобустар қатынайды АСТАНА. ҚазАқпарат – 23 наурызда Астанада өтетін Қазақстан – Словения матчынан кейін футбол жанкүйерлері үшін қосымша автобустар ұйымдастырылады. ҚазАқпарат бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды.
20.03.2023 08:02 Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордты орынға көтерілді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
20.03.2023 07:33 Черногорияда президент сайлауының екінші кезеңіне өткен кандидаттар анықталды БЕЛГРАД. АНАДОЛУ – ҚазАқпарат – Черногорияның іс басындағы президенті Мило Джуканович және «Еуропа қазір» қозғалысының өкілі Яков Милатович президент сайлауының екінші кезеңіне өтті. Мониторинг (CеMI) орталығы жексенбі күні еxit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы-ға сілтеме жасап.
19.03.2023 14:53 Жезқазғанда 100 жастағы қария дауыс берді ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласында 100 жастағы қария белсенділік танытып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.03.2023 22:35 IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс ұйымы (IBO) жаңартылған рейтингіні жариялады. Онда қазақстандық Геннадий Головкин әлі де орта салмақта әлем чемпионы қатарында тұр. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
15.03.2023 21:17 Колумбия шахталарында бірнеше жарылыс болып, 11 адам көз жұмды БУЭНОС-АЙРЕС. ТАСС – ҚазАқпарат – Колумбияның Сутатауса муниципалитетіндегі шахталарда бірнеше жарылыс болып, кем дегенде 11 адам көз жұмды. Бұл туралы El Tiempo басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.03.2023 02:01 Футболшы Неймарға операция жасалды АСТАНА. ҚазАқпарат - «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Неймар да Силва Сантос Жуниордың жарақаттанған тобығына операция жасалып, ол оңалту курсын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
11.03.2023 01:09 Ресейде кедейлік шегінен төмен табысы бар 15,3 млн адам тұрады МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – 2022 жылы кедейлік шегінен төмен табысы бар ресейліктер саны 15,3 миллион адамды немесе ел халқының 10,5% құрады. ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
07.03.2023 02:56 Зілзаладан қаза болғандар саны 46,1 мыңнан асты – Түркия президенті АНКАРА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 46 104 адамға жетті. Бұл туралы аталған ел президенті Режеп Тайип Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін жолдаған телеүндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
07.03.2023 01:04 Жетісу облысының Қызылжар ауылында тасқын су қаупі сейілді ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылының тұрғындары өзенде су деңгейі көтерілетіні туралы ескертілді. Бұған дейін аталған ауданда бір көше мен бірнеше аула аумағын еріген қар суы басып қалған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.
06.03.2023 23:53 Қазақстандық боксшылар «Канело» залында жаттығуға кірісті АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварестің Сан-Диего қаласында орналасқан залында жаттығуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.03.2023 01:12 Жетісу облысында бірнеше аула мен көшені тасқын су басты ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында еріген қар суы бірнеше үйдің ауласы мен көшені басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
05.03.2023 23:29 Моңғолиядағы бүркітшілер фестиваліне 10-нан астам елден туристер жиналды ҰЛАНБАТЫР. СИНЬХУА - ҚазАқпарат – Моңғолияда аңшы құстардың «Алтын қыран – 2023» көктемгі фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
05.03.2023 02:29 ММА: Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары жаңа чемпионды анықтады ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында аралас жекпе-жектен қазақстандық промоушн Octagon-ның турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
04.03.2023 22:09 Зиялы қауым мен журналистер арасындағы бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада зиялы қауым және БАҚ өкілдері арасында өткен Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
04.03.2023 21:40 Молдова Парламенті мемлекеттік тілдің ауыстырылуын мақұлдады КИШИНЕВ. ҚазАқпарат – Молдова Парламенті барлық заңдарда, соның ішінде Конституцияда «молдавия тілі» сөз тіркесін «румын тілі» тіркесіне ауыстыру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. ҚазАқпарат бұл туралы euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.