Мира Қазбекова Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының басшысы болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл лауазымға Мира Жомартқызы Қазбекова келді.

М. Қазбекова 1984 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Экономика» және «Болашақ» университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының баспасөз клубының маманы ретінде бастаған.

2006-2011 жылдары Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы әкімі аппараттарында түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған.

2011-2017 жылдары Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2017-2020 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы бақылау жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы Қармақшы ауданына жаңа әкім қызметке келді.


Соңғы жаңалықтар