+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Минскте әл-Фараби атындағы қазақ сыныбы ашылды

2020 жылғы 22 қараша 18:07
Бөлісіңіз:
Минскте әл-Фараби атындағы қазақ сыныбы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Минск қаласындағы М.Әуезов атындағы № 143 орта мектебінде Әл-Фараби атындағы қазақ тілін, тарихы мен әдебиетін оқыту кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Малайзия ғалымының зерттеуі әл-Фарабиді әлемге танытуға үлкен үлес қосты Түркістандағы университет пен Франциядағы ЖОО ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев, Завод ауданы әкімшілігінің басшысы Сергей Масляк, бейнеконференция форматында – «Отандастар қоры» КеАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов және «Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің кеңесшісі Болат Дидар қатысты.

Елші Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі «Отандастар қорымен» бірлесіп қазақ тілін, әдебиеті мен тарихын оқыту кабинетін ашу бойынша іске асырылған жаңа жоба туралы айтып берді. Оның жайы қайта жөндеуден өтті, дизайнды қоса алғанда онда барлығы Қазақстан мен Беларусьтің өзара достығы мен ынтымақтастығы идеясына бағынады. Қазақ тілін, Қазақстан тарихы мен әдебиетін оқып-үйрену аса қызықты және тиімді болуы үшін қазақстандық тарап мектепке кең форматты теледидар, интерактивті оқулықтар, сөздіктер, танымдық әдебиеттер сыйлады.

«Отандастар қорының» Вице-президенті М. Сарбасов қазақ тілін онлайн оқыту жобасына бастау берді. Алғашқы сабақты қазақ тілі оқытушысы, «QazWrite» жобасының авторы Айна Алпысбай өткізді. «QazWrite» жобасын іске асырудың нәтижесінде қазақ диаспорасының өкілдері, бизнесмендер, әлемнің түрлі елдеріндегі қарапайым адамдар қазақ тілін қашықтықтан оқуға мүмкіндік алды.


Сондай-ақ, қонақтар мектеп оқушылары 50-ден астам сурет пен қолөнер бұйымдарын, ал кіші сынып оқушылары мультимедиялық презентацияларды ұсынған «Біз әр түрліміз, бірақ біргеміз» атты көркемөнер көрмесіне қатысты.

Дәстүр бойынша көрме жыл соңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Мен Қазақстан туралы не білемін?» байқауы аясында өткізіледі. Сонымен бірге, «Қазақстан-Беларусь» мәнерлеп оқу байқауы аясында оқушылардың дайындаған поэтикалық туындыларын, соның ішінде авторлық шығармаларды тыңдау, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары жазған ғылыми рефераттарды қорғау өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT