Минскідегі мерекелік отшашу кезінде бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусь тергеушілері Минскіде ел тәуелсіздігі күніне орай атылған мерекелік отшашу кезінде бір әйелдің қаза табу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы БЕЛТА Тергеу комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

«Отшашуды Свислочь өзенінің жағалауында тамашалап тұрғанында жарақат алған 1955 жылғы әйелге дер кезінде көмек көрсетілгенімен, оны аман қалу мүмкін болмады», - деп мәлімдеді Тергеу комитетінен.

Қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, отшашу кезінде төрт адам зардап шеккен. Ведомствода хабарлағандай, «отшашу кезінде қолданылған зарядтар бұдан бұрын да пайдаланылған».

«Қорғаныс министрлігі мен Тергеу комитетінен құралған комиссия Минскіде отшашу болған кезде азаматтардың жарақат алу себебін анықтап жатыр», - деді Қорғаныс министрлігінен.

Соңғы жаңалықтар