Минскіде қазақстандық балуан қыз чемпион атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінің астанасы Минск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Александрь Медведь атындағы халықаралық турнирде қазақстандық балуан қыз чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Күрес түрлері федерациясы мәлім еткендей аталған турнир Беларусь елінің астанасы Минск қаласында өтті.

Бұл турнир еркін және әйелдер күресінен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы додада Қазақстаның әйелдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, 55 келі салмақта күрескен Марина Седнева финалда ресейлік балуаннан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Ал 50 келіде Валентина Ислямова - күміс жүлдеге қол жеткізсе, 53 келідегі Аиша Уалишан, 68 келіде ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова мен 72 келідегі Жәмила Бақбергенова Медведь атындағы турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар