+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Минскіде қазақ киносының фестивалі өтеді

2019 жылғы 18 қазан 09:15
Бөлісіңіз:
Минскіде қазақ киносының фестивалі өтеді

МИНСК. ҚазАқпарат - 18-20 қазан аралығында Беларусь астанасы Минск қаласында қазақ киносының фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді «Менің Жансүгіровым» атты деректі фильмнің тұсаукесері өткізіледі Қазақтілді кино неге прайм-таймда көрсетілмейді - Отандық киноның өзекті мәселелері

Мәдени іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына әр түрлі жанрда түсірілген отандық кинотуындылар ұсынылады.

Фестивальді Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырып отыр. Айта кетсек, бұл іс-шара Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың алдағы Қазақстанға жоспарланған ресми сапары қарсаңында өткізіліп отыр.

18 қазанда фестивальдің ашылу салтанатында қазақтың тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы баяндайтын «Әміре» фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ іс-шара барысында «Қазақфильм» киностудиясының басқа да туындылары – Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ», Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол», Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая, Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Шырақшы» фильмдері ұсынылады. Ал кішкентай көрермендер толықметражды «Мұзбалақ» (реж. Тұрдыбек Майдан и Тілек Төлеуғазы) анимациялық фильмін тамашалай алады.

Фильмдер Минск қаласындағы «Беларусь» кинотеатрында (Романовская Слобода көшесі, 28) көрсетіледі. Кіру тегін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Беларусь,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT