Минскіде ІІ Еуропа ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат -Минск қаласында ІІ Еуропа ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды. Аса ауқымды спорттық форумға 50 елден 4 мыңнан астам атлет қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь астанасы мұндай аса ауқымды спорттық шараны алғаш рет өткізіп отыр.

Спорт алаңдарындағы тартысты бәсекені тек Еуропа ғана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің де жанкүйерлері көретін болады.

Жарыс спорттың 15 түрінен ұйымдастырылады және оны 500 миллион телекөрермен тамашалайтын болады.

Соңғы жаңалықтар