Минск ТМД-ның велосипедшілерге қолайлы қалалар үштігіне енді

None
None
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – Минск ТМД-ның велосипедшілерге қолайлы қалалар үштігіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Тізім БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген 3 маусым - Бүкіләлемдік велосипед күніне орай дайындалды. Тізімнің алғашқы үштігіне Мәскеу, Санкт-Петербург және Минск қалалары енген. Әрі қарай Қазан, Екатеринбург, Калининград, Самара, Воронеж, Төменгі Новгород және Сочи қалалары орналасқан.

Рейтинг қалалық велосипед жолдары мен жолақтарының ұзындықтарын, сондай-ақ велосипед бағдарлары мен велостанциялардағы велосипедтер санын зерттеу нәтижелері бойынша жасалған.


Соңғы жаңалықтар