Минск Қазақстанмен әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық келісімін бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен 2026 жылға дейінгі аралықты қамтитын әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Жарлық шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА порталына сілтеме жасап.

Құжатқа екі елдің Президенттері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь еліне ресми сапары барысында 2017 жылы қол қойылған. Осы құжатқа қол қою арқылы Беларусь елі оның күшіне енуіне қажетті барлық мемлекетішілік процедураларды аяқтады. 

Соңғы жаңалықтар