Минск әуежайына шұғыл қонған Ryanair ұшағына мина қойылғаны туралы хабарлама расталмады

None
None
МИНСК. БEЛTA-ҚазАқпарат - Минск ұлттық әуежайына шұғыл қонған Ryanair ұшағына мина қойылғаны туралы хабарлама расталмады. Бұл туралы ҚазАқпарат БелТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Дегенмен қазірдің өзінде ұшақтың миналанғаны туралы хабарлама жалған болды деп айтуға болады. Бірақ әуе кемесінің сапарын әрі қарай қашан жалғастыратындығы әзірге белгісіз.

Ryanair компаниясының Афина - Вильнюс бағытындағы ұшағы Минск ұлттық әуежайына ұшақтың миналанғаны жайлы хабарлама алғаннан кейін қонды.


Соңғы жаңалықтар