Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялады

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат – 11 қазан Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Мұндай тапсырманы ТР Президенті Рустам Минниханов бүгін ұшақ құлаған Мензелинскідегі штаб жиналысында берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информға сілтеме жасап.

«Мензелинскіде құрылған штаб жиналысында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді», - деді ТР Президенті баспасөз қызметінің басшысы Лилия Галимова.

Әуе кемесінің бортында 23 адам болған, соның 16-сы қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар