Министрліктің қатысуын талап ететін мәселелердің шешілетін күні алыс емес - Асхат Оралов

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға жұмыс сапарымен Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов пен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов келді. Бұл туралы Асхат Оралов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Асхат Ораловтың сөзінше, Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновпен мәдениет ұйымдарын аралады.

Сондай-ақ кездесудің қорытындысы бойынша министрліктің қатысуын талап ететін мәселелердің шешілетін күн алыс емес екенін мәлімдеді.

«М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының жұмысымен таныстым. Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Мұрат Әуезов сынды мәдениет және өнер қайраткерлерімен және басқа да белгілі сала майталмандарымен кездесу өткіздім. Кездесуде айтылған мәселелерді шешу үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізетін боламыз: материалдық-техникалық жарақтандыру, қызметкерлердің еңбекақысы және т.б.

Әйгілі театр ғимаратын қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстарының барысын зерделедік.

Одан кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында болдым.

Музыканттармен, балет труппасымен, тігін цехтерінің қызметкерлерімен кездесіп театрдың ішкі өмірімен таныстым.

Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылармен де кездестім. Басқосуда айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап назарға алдық.

Сонымен қатар, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға бардым.

Министрліктің қатысуын талап ететін мәселелердің шешілетін күні алыс емес», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі.


Соңғы жаңалықтар