+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Министрліктер мен әкімдіктердің сайты штаттық режимде жұмыс істеп тұр

2021 жылғы 22 қазан 13:56
Бөлісіңіз:
Министрліктер мен әкімдіктердің сайты штаттық режимде жұмыс істеп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Министрліктер мен әкімдіктердің сайты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік органдардың интернет ресурстары бірыңғай платформасы қалпына келтірілді. Сайттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен.

Бұған дейін мемлекеттік органдардың интернет ресурстары бірыңғай платформасы жобасының істемей тұрғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, 2020 жылдың 24 маусымында 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет-ресурстардың бірыңғай платформасына (МО ИРБП) көшкен болатын. Осылайша, МО ИРБП мемлекеттік органдардың барлық сайттарын біріктіріп, ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT