Министрліктер мен әкімдіктер жанындағы кеңесші органдардың саны екі есе азаяды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметіне екі айдың ішінде өз аппаратының, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың санын екі есе қысқарту жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент бүгін қол қойған «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықта осындай тармақ бар.

«Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың санын екі есе қысқартуды қамтамасыз етсін», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, Үкіметке осы екі ай ішінде азаматтар мен бизнес неғұрлым талап ететін өмірлік және іскерлік жағдайларды қосып, олардың реинжинирингі мен автоматтандырылуын қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау жүктеліп отыр.

«Азаматтармен коммуникация және ведомствоаралық жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында ашық кеңестер өткізу үшін қолжетімді онлайн-сервистерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсін», - делінген Президент Жарлығында.

Еске салсақ,бүгін Президент мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды.


Соңғы жаңалықтар