Министрлік Жайықтың ластануы бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені жағалауының ластануы фактiсi бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесі жөніндегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат минситрліктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«Атырау облысы бойынша экология департаменті Жайық өзені жағалауының су қорғау аймағының қауіпті химиялық заттармен ластану фактісі бойынша «Нефтегазовый сервисный альянс» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Аталған өндірістік базаның аумағында химиялық реагенттерден босатылған 220 ЭКС-ЭМ маркалы эмульгаторы бар толық бөшкелер және 75 бөшкелер анықталды. Сондай-ақ аз мөлшерде химиялық реагенттермен жердің ластануы байқалды. Орал өзені жағалауының ластану фактілері анықталған жоқ»,-делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша жерді химиялық реагенттермен ластау бөлігінде заңбұзушылықтар, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу ережелерін бұзу, атап айтқанда қауіпті қалдықтарды есепке алу мен паспорттың болмауы анықталды.

«Жол берілген заңбұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 хаттама шығарылып, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және химиялық реагенттермен ластанған жер учаскесін тазалау қажеттігі туралы нұсқама берілді. Сондай-ақ тексеру барысында химиялық талдау жүргізу үшін жерасты суларының сынамалары мен топырақ сынамалары іріктеліп алынды, нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануының артуы анықталмады»,-деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, Жайық өзенінен жер бетіндегі судың сынамасы алынған. Жүргізілген сынақтар нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануынан асуы анықталған жоқ.
Департамент сот органдарына қызметін тоқтату туралы талап-арыз беріледі.

Соңғы жаңалықтар