Министрлік Түркияда дауыс беретін Қазақстан азаматтарын консулдық тіркеуге тұруға шақырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров алдағы сайлауда Түркияда дауыс бергісі келетін Қазақстан азаматтарын консулдық тіркеуге тұруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркияда жүрген еліміз азаматтарының саны бойынша нақты айта алмаймыз. Бұл елде жер сілкінгеннен кейін, көп адам кетуі мүмкін. Түркия мен Қазақстанның негізгі әуежайлары мен әуе компаниялары жұмыс істеп тұр, олар кез келген елге сапарлай алады. Сондықтан бізде Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарының саны бойынша нақты статистика жоқ. Осы орайда қайтадан консулдық тіркеуге тұруға шақырамыз», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингі барысында.

Оның айтуынша, наурыз айында депутаттарды сайлау кезінде дауыс беруі үшін шетелдегі азаматтар тиісті тізімге қосылуы керек.

«Бұл учаскелер шетелде орналасқандықтан, біз ол жаққа бюллетеньдердің шектеулі санын жібереміз. Біз оларды мыңдап жібере алмаймыз. Осының алдындағы сайлау кезінде уақытылы тіркелмеген туристер келіп, дауыс беруге рұқсат етілмегеніне наразылық білдіріп жатты», - деді А. Смадияров.

Осы орайда ол Түркияда дауыс бергісі келетін Қазақстан азаматтарын консулдық тіркеуге тұруға шақырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурыз айында өтетін сайлауға қатысты шетелде 77 дауыс беру учаскесі ашылады.


Соңғы жаңалықтар