Министрлік тұрғындарды Дүниежүзілік тазалық күніне атсалысуға шақырды
2022 жылғы 17 тамыз 10:52

Министрлік тұрғындарды Дүниежүзілік тазалық күніне атсалысуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 17 қыркүйекте өтетін Дүниежүзілік тазалық күніне атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акцияның мақсаты аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін Қазақстан халқын біріктіруге саяды.

«Қазақстанның Дүниежүзілік «World Cleanup day 2022» акциясына қатысуы елімізді «Жасыл» экономика қағидатын қолдайтын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді», - деп жазды ведомстводан.

Осыған байланысты министрлік тұрғындардан бастаманы қолдауды және осы акцияға қатысуды сұрайды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT