Министрлік сауда бойынша аналитикалық платформа мүмкіндіктерін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев сауда бойынша аналитикалық платформа мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігін әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу мәселелерінде бірыңғай үйлестіруді жүзеге асыратын негізгі жауапты мемлекеттік орган ретінде айқындау ұсынылды.

«Министрлік азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл регламентінің жобасын әзірлеп, келісілген нұсқасы жақын арада Үкіметке енгізіледі. Азық-түлік тауарларына мониторинг пен бағалардың неғұрлым сапалы және тиімді жүйесін жүргізу мақсатында министрліктің тиісті институционалдық күшейтулерін ұсынамыз», - деді вице-министр.

Осы бастама аясында мемлекеттік органдардың:

- шекті бағалар мен сауда үстемелері мөлшерінің сақталуын бақылау;

тауарлар бойынша болжамдарды қалыптастыру;

тұрақтандыру қорларына және «айналым схемасына» қаражатты тиімді бөлу бойынша ұсынымдар беру сияқты функцияларын біріктіру қажет.

«Сауда бойынша аналитикалық платформа құрылды. Платформа онлайн режимінде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізуге және болжамды бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал мүдделі мемлекеттік органдардың қолданыстағы базаларымен интеграция жүргізе отырып, платформа бағаның өсу себептері мен оларды тұрақтандыру жолдарын көруге мүмкіндік беретін математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сауда саласының жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, түпкілікті тұтынушыға дейін бүкіл тізбек бойынша тауарларға баға белгілеу үрдістерін анықтау мүмкін болады. Бұл жұмыс Үкіметтің цифрлық кеңсесі аясында жүргізіледі. Осы платформаға әкімдіктердің ахуалдық орталықтары да қосылатын болады, бұл әрбір өңірдегі баға бойынша жағдайды жедел режимде мониторингтеуге мүмкіндік береді», - деді Ержан Қазанбаев.


Соңғы жаңалықтар