Министрлік республикалық маңызы бар жолдарға бағалау жүргізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 4,4 мың шақырымы қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы қозғалыс республикалық маңыздағы жолдардың 641 шақырымында ашылды. Енді жүргізушілер «Теміртау – Қарағанды – Балқаш – Қапшағай» жолының 61 шақырымдық учаскесінде еш кедергісіз жүре алады. Сондай-ақ, көлік қозғалысы «Орталық – Шығыс» дәлізінің 249 шақырымында ашылды. Бүгінгі таңда «Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» жолының 16 шақырымы да көлік қозғалысы үшін ашық», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Мұнымен қоса, реконструкциядан өткен «Бейнеу – Ақжігіт» жолының 85 шақырымында, «Таскескен – Бақты» жолының 18 шақырымында, «Шучинск – Зеренді» жолының 80 шақырымында, «Қандыағаш – Мақат» жолының 26 шақырымында, «Жетібай – Жаңаөзен» жолының 73 шақырымы мен Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолындағы 34,4 шақырымда қозғалыс қамтамасыз етілді.

2019 жылы күрделі жөндеумен қамтылған автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 438 шақырымды құрады. Олардың 24 шақырымы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өткен жылы жолдың 1101 шақырымында орташа жөндеу жасалды. Жасалған орташа жөндеу жұмыстары жолдардың 424 шақырымында ресайклинг, 256 шақырымында жабындыны төсеу, 414 шақырымында кедір-бұдырлы жол бетін өңдеу, 7 шақырымында микросюрфейсинг әдісімен жасалды.

«Өткен жылдың қорытындыларына сәйкес жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 21,9 мың шақырымды немесе 88% құрады. І және ІІ техникалық санаттағы жолдардың үлесі 34 % дейін жеткізіліп, 8,4 шақырымды құрады», - делінген министрлік хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар