Министрлік пен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» ұйымы экологиялық проблемаларды бірлесе анықтайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігі экология, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау саласында ұзақ мерзімді әріптестік орнату туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жүзеге асып отыр.
Келісім аясында тараптар әртүрлі табиғат қорғау акцияларына жұртшылықты тартып, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша жұмыстар атқарады. Экология, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың бірлескен іс-шараларын жүргізеді.
Меморандумға қол қою аясында ұйым төрайымы Саида Таукелева ел арасындағы экологияға қатысты резонансты проблемалар жайында министрлікті хабардар етіп, бірге шешімін табуға атсалысуға дайын екенін жеткізді. Алматы қаласы ауасының ластануы, жылу электр станцияларын газға көшірудің тиімділігін жұртшылыққа түсіндіру, Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына халықтың наразылығы сияқты өткір тұрған мәселелерді атап өтті.
Министр Мағзұм Мырзағалиев ұйым өкілдерінің азаматтық позициясы үшін алғыс білдіріп, халық пен Үкімет арасында көпір болатын бірлестікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
- Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
- Ақтөбеде цистернадан төгілген жанармай 945 шаршы метр аумаққа жайылған
- Таразда Алғыс айту күніне орай 1 мың түп ағаш отырғызылды
- Биыл «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді
-
2 қалада ауа сапасы нашарлайды
-
Атырау облысында ғарыштық түсіріліммен 484 қоқыс алаңы анықталған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам