+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Министрлік Павлодар облысындағы үйдің неліктен құлағанын түсіндірді

2021 жылғы 18 маусым 18:44
Бөлісіңіз:
Министрлік Павлодар облысындағы үйдің неліктен құлағанын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Павлодар облысында үйдің құлауына не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты ШҚО тұрғындары жол бойынан жарылғыш зат салынған қапшықтар тауып алды Мадагаскар президентіне қастандықтың жолы кесілді

Алдын ала деректер бойынша Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі аумақтың егжей-тегжейлі жобалау жоспары ЕТЖЖ болмауына қарамастан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілген (автотұрақтан КТҮ-ге) және (жобалауға) бастапқы рұқсат құжаттары берілген.

Бұдан басқа, Павлодар облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы осы объектіге тиісті түрде камералдық бақылау жүргізбеген.

Осылайша, Комитет техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға құрылыс барысы туралы ай сайынғы есептерін ұсынбағанын анықтады. Осы объектіге бекітілген техникалық қадағалаудың жауапты сарапшысы Комитет реестріне сәйкес компанияға 2019 жылғы желтоқсанда қабылданып және 2021 жылғы сәуірде шығарылған.

Бұдан басқа, техникалық қадағалау компаниясында 2021 жылғы 19 наурызда техникалық қадағалауды жүзеге асыруға аккредиттеудің мерзімі өткен.

Осылайша, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мониторингі барысында осы фактілерді анықтап, құрылысты тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдауы керек еді.

Сондай-ақ, құлаған үйге қарама-қарсы дәл осындай үйдің сол мердігермен («Элит Сервис Плюс» ЖШС) салынып жатқанын атап өткен жөн.

«Бүгінгі таңда аталған мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, Комитеттің өкілі жергілікті жерге барды. Сонымен қатар, жауапты мемлекеттік органдарды тексеруге бастама жасалып, олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Павлодарда салынып жатқан ғимарат қирап, үйінді астында қалған 3 адам ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді.


https://www.inform.kz/kz/pavlodarda-salynyp-zhatkan-gimarat-kirap-uyindi-astynda-kalgan-3-adam-auruhanaga-zhetkizildi_a3802337


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT