+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Министрлік лицензиясынан айырылған университеттерге қатысты түсінік берді

2020 жылғы 22 қаңтар 16:48
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сот аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті лицензиясынан айырды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрлігі «Астана» университетін сотқа берді Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды Қазақстанда жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өседі

«2019 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының сақталуына екі рет тексеру жүргізілген болатын. Алайда жоғары оқу орны ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитеттің ұйғарымын орындамаған. Осыған байланысты Комитет университетті білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиядан айыру үшін сотқа жүгінді. 2020 жылдың 9 қаңтарында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты комитеттің нұсқамасын қанағаттандырып, жоғары оқу орнын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады (шешім әлі заңды күшіне енген жоқ)»,- делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты министрлік оқуды жалғастыру үшін студенттерді басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Бұл мақсатта жұмыс тобы құрылды. Аудару заңнамаға сәйкес демалыс уақытында жүзеге асырылады.

«ҚР «Білім туралы» Заңының 42 бабы 2 т. сәйкес білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады. 2020 жылдың 1 ақпанына дейін ҚР БҒМ-мен қабылданған шешім бойынша қосымша хабарланатын болады. Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына назар аударуларыңызды сұраймыз», - деп аталып өткен хабарламада.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша университеттің білім беру қызметінде өрескел ереже бұзушылықтар анықталған болатын. Атап айтқанда, талапкерлерді шығармашылық емтихандарсыз, 086-У нысанындағы медициналық анықтамасыз, ҰБТ сертификатының түпнұсқасынсыз және бейінді пәндерді есепке алмай қабылдау фактілері анықталған. Сондай-ақ, сабақ кестесін сақтамау фактілері анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT