Министрлік көшедегі адамның телефонына жармасқан полицейге қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Этикалық кодекс талаптары мен жол қозғалысы ережесін бұзған елордалық полицей жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті.

Айта кетейік, тәртіп сақшысының теріс әрекеті туралы видеоны қала тұрғыны әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

«Әлеуметтік желіде полиция қызметкеріне қатысты видео жарияланды. Ол жолдағы қозғалыс ережесі мен Этикалық кодекс талаптарын бұзды. Аталған заңбұзушылықтарды көшеде кетіп бара жатқан адам өз смартфонына түсіріп алған. Полицей балағат сөздер айтып, түсірілім жасап тұрған адамның ұялы телефонын тартып алуға әрекет жасады. Жол ережесін бұзғаны үшін қызметкер әкімшілік жазаға тартылды», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар, ресми өкіл полицейдің осыдан кейін ішкі істер органдарында қызмет ету мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

На меня напал полицейский 😨 Ажно целый майор. Дело было так, попросил его убрать машину (на фото) с автобусной остановки. Мою просьбу проигнорировал и тупо ушел. Через некоторое время вернулся, а когда я начал его снимать (все таки сам полицейский нарушает ПДД), вот тут он на меня и набросился. Пытался выхватить у меня смартфон. При этом толкал, руки хотел скрутить и грозился оформить меня за съёмку :) видеозапись сохранилась. Нас разнял гражданский, который подбежал и успокоил майора. После чего полицай сел в машину и уехал. Я сразу же позвонил и сообщил о произошедшем на 102. После написал заявление в УСБ. Ждемс, какое примут решение. ҚР ІІМ-нің ӘПК / КАП МВД РК #акиматастаны #мвдрк #капмвдрк

Публикация от АВТОСООБЩЕСТВО №1 | АСТАНА (@za_rulem_astana) 12 Окт 2018 в 5:34 PDT

Соңғы жаңалықтар