Министрлік контейнерлік тасымалдан түсетін табысты есептеп қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің болжамына сәйкес, алдағы уақытта «Қорғас» арқылы өтетін контейнерлік тасымалдың көлемі айтарлықтай артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «COSCO Shipping» компаниясы «Қорғас» арнайы экономикалық аймақтың 49 пайыздық үлесін сатып алған болатын. Бұл дегеніміз, Қытайдан Еуропаға баратын контейнерлердің саны артады. Ол жағынан COSCO Shipping әлемдік көшбасшы болып саналады. Ал ондай компания бізге, яғни «Қорғасқа» келсе, контейнерлік тасымалдың басым бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Біздің есебімізге сәйкес, 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдан жыл сайын 3-4 млрд доллар түседі», - дейді вице-министр Ерлан Қайыров. 

Айта кетейік, алдағы уақытта арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда жерді беру шараларын барынша оңтайландыру жоспарланған. Осыған орай, бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров Парламент Мәжілісінің депутаттарына арнайы заң жобасын таныстырды. Ал депутат Бақтияр Мәкен «Алатау» паркінің мәселесін тағы көтерді. 

Соңғы жаңалықтар