Министрлік комитеті аса ауыр жүк тиеген көліктермен күрестің жаңа тәсілін ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ИИДМ Көлік комитеті жүкті шамадан тыс артық тиеп жүрген көліктерімен күрес шараларын бастап кетті. Осы орайда комитет аса ауыр жүк тиеп жүретін көліктерді анықтау үшін халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдардың сапасын сақтау мақсатында Көлік комитеті аса ауыр жүк көліктерінің (жүкті шамадан тыс артық тиеп алған) автомобиль жолдарымен жүргендігі туралы фактілерді Ситуациялық орталыққа хабарлай аласыздар. Яғни тұрғындарға «Whats app» және «Telegram» мобильдік қосымшалары арқылы + 7 708 0880800 нөмірі бойынша мәлімет беруге болады", - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы орайда аса ауыр жүк тиеген көліктердің автомобиль жолдарымен жүргендігі туралы фактіні ұялы телефонға видеоға түсіріп алу керек. Осы хабарламада жүк көлігінің мемлекеттік нөмірі, жүріп өткен жері мен автожол учаскесі, жақында орналасқан елді мекен, уақыты көрсетілуі қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша тәулік бойы Ситуациялық орталықтың 983535 сенім нөміріне хабарласуға болады.

Еске сала кетсек, жақында «Қазжол ҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаев жолда біліктеріне нормадан артық салмақ түсіріп, жүре беретін ауыр жүк көліктерінің қызметіне қатысты мәселе көтерген болатын.

«Қазақстанның көптеген негізгі жолдарының бәрі - білікке түсетін 10 тонналық салмаққа жобаланған. Қазақстанға республикалық және жалпы пайдалануға берілген жергілікті республикалық жолдардың саны шамамен 100 мың шақырым дейтін болсақ, соның үштен екі бөлігі (67 пайызы) 10 тонна және одан да төмен біліктік күшке есептеліп салынған. Егер жолға осы нормадан артық күш түсіретін болсақ, онда біздің автокөліктердің жобалық мерзімі бойынша қызмет көрсете алмайды. Яғни, жолдар ерте бұзылуы ықтимал», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар