Министрлік «Қазсушар» мекемесін акционерлік қоғамға айналдырмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазсушар» мекемесін қайта құрылымдамақшы, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Су ресурстары комитетінің су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконструкциялау бойынша тапсырыс беруші ретіндегі функцияларын бере отырып, акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдастыру ұсынылады», - деді вице-министр орталық коммуниациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш қадам Су ресурстары комитетіне су ресурстарын басқару, су үнемдеу және суды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелеріне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

«Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдастыру және қызмет саласын кеңейту арқылы бюджеттен тыс инвестициялар тартуды көздеп отырмыз. Мысалы, суды есепке алу ісін автоматтандыру және сол сияқты жобалар.

Осылайша, «Қазсушар» мекемесін қайта ұйымдастыру мемлекеттік бюджеттің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Серік Қожаниязов.


Соңғы жаңалықтар