Министрлік «ЕС-145» үлгідегі қосымша төрт тікұшақты сатып алды

None
None
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Санитарлық авиацияны дамыту мақсатында біз «Еурокоптер» атты қосымша 4 тікұшақты сатып алдық. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда «ЕС-145» (Еурокоптер) үлгідегі 14 тікұшақ бар. «Бүгін ғана мен соңғы төртеуінің ақшасын төлеп, алатын боламын. Бұдан басқа, екі «Ка-32» тікұшағы бар. Бұл - әмбебап техника. Бұрын ондай тікұшақтар торпедоларды тасып, әскери сүңгуір қайықтарға қарсы соғысатын. Қазір торпедолардың орнына 5 тонна су сыятын бак орналасқан. Онымен кез келген биіктікте өрт сөндіруге болады», - дейді В.Божко. Министр атап көрсеткендей, бүгін ғана күрделі жөндеуден өткен «Ми-26» тікұшағы Өскемен қаласына келіп қонды. Оның бортына 90 адамға дейін отыра алады.

Соңғы жаңалықтар