USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Министрлік елші Әбибулаевқа қатысты ақпараттарды жариялауға уәде етті

2017 жылғы 27 ақпан 12:19
Бөлісіңіз:
Министрлік елші Әбибулаевқа қатысты ақпараттарды жариялауға уәде етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз xатшысы Әнуар Жайнақов Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаевтың мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәріңіз жақсы білесіздер, комиссияның шешімі бойынша мемлекет басшылығының қарауына Қазақстанның Польшадағы елшісінің мәселесі жіберілген болатын. Дәл қазір аталған мәселеге қатысты ақпарат жоқ. Алдағы уақытта қандай да бір детальдар шығып жатса, біз міндетті түрде ол жайында сіздерге xабарлайтын боламыз», - деді Жайнақов.

Айта кетейік, ақпанның 9-ы күні өткен ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевтың мәселесі қаралған болатын. Комиссия мүшелері оған қатысты тәртіптік жаза қолданып, тиісті ұсынысты Мемлекет басшысының қарауына енгізді. Алайда нақты қандай тәртіп бұзушылық екені айтылған жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT