Министрлік Байқоңыр аумағындағы экологиялық жағдайға түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Байқоңыр аумағында қоршаған ортаны қорғау шаралары туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқоңыр кешенінің аймағында экология мәселелерімен бізде Қызылорда облысының экологиялық департаментінің бөлімшесі айналысады. Сол бөлімше аталған өңірде тиісті бақылау шараларын атқарады. Атап айтқанда, бекітілген жоспарға сәйкес, бөлімше биыл 20 мекемені тексереді. Сонымен қатар, «Қазгидрометтің» онлайн режімде тексеріп тұратын екі арнайы бекеті бар», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, зымырандар құлаған жерлерді қазақстандық «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы мен ресейлік тағы бір кәсіпорын қарайды.

«Зымыран ұшатын кезде және жерге түскеннен кейін аталған кәсіпорындар тиісті жұмыстарды атқарады. Ал біз (Энергетика министрлігі) кешен бойынша экологиялық мониторингті жүргізіп тұрамыз. Сонымен қатар бізде арнайы кеңес бар, оның аясында жыл сайын ұшырылған аппараттар бойынша бүкіл ақпарат баяндалады. Атап айтқанда, осы күнге дейін радиациялық фон және басқа да ластауыш заттардың дейгейі нормада тұр деп баяндай аламыз», - деді С. Нұрлыбай.

Осыған дейін Байқоңырдағы «Зенит» кешеніне қатысты жоспарлар туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар