USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Министрлік Алматының бас санитар дәрігерінің орынбасары жасаған мәлімдемеге пікір білдірді

2022 жылғы 15 қаңтар 17:18
Бөлісіңіз:
Министрлік Алматының бас санитар дәрігерінің орынбасары жасаған мәлімдемеге пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 14 қаңтарда «informburo.kz» инстаграм-аккаунтында жарияланған Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары С. Байғабыловтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары С. Байғабыловтың «Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментті тергеу жүргізу үшін қосу туралы» (С. Байғабыловтың дәйексөзі) журналистерге берген түсініктемесіне қатысты айтқан сөздері жалған. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында» айқындалған. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу үшін өзге негіздер көзделмеген», - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке дұрыс емес мәліметтерді тарату арқылы этикалық нормалардың бұзылуына байланысты мәселелермен жүгінуге құқылы.

«Бұдан басқа, Министрлік 2022 жылғы 13 қаңтарда «Каzinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің парақшасында және «Baigenews» сайтында Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары С.Байғабыловтың тағайындау бойынша шатасушылық тудырған жарияланымына теріске шығару жариялады. Осыған байланысты, бұл уәжі де шындыққа сәйкес келмейді. Пікірсайыстар өткізу мәселесі бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында белгіленген талаптарға сәйкес орындау үшін алынған басшының өкімінің заңдылығына күмән туындаған жағдайда, мемлекеттік қызметші бұл туралы өзінің тікелей басшысына және өкім берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Баяндалғанды ескере отырып, Министрлік жалған ақпарат беруден бас тартуға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы лауазымды адамдардың басты функциясы - адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыруға барлық күш-жігерін жұмсауға шақырады», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде.

Айта кетейік , жақында Алматының бас санитарлық дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды.

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің тағайындалуына қатысты түсініктеме берді.

«Сәдуақас Байғабылов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 236 қаулысы қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары болып табылады және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін атқарады», - деп жазылған ДСМ мәліметінде.

Министрлік осының бәрін тізе келіп, Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Қ.Әбдіжаббарованы тағайындауда ешқандай жаңылысу және сабақтастықтың болмауы жоқтығын мәлімдеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT