+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Министрлік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін тексереді

2020 жылғы 9 шілде 14:36
Бөлісіңіз:
Министрлік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін тексереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметі тыңғылықты зерделенеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министрге аталған қордың басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жалақысына қатысты сауал қойылған еді.

«Жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізіліп, одан кейін Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады. Жалақыға немесе қордың өзінің жұмысына қатысты айтар болсам, біз жұмысқа кірістік. Қазір барлығын зерделеп, материалдарды көтереміз. Қаржылық көрсеткіштерін, қор қызметін, стратегиялық бағыттарын зерделейміз», - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар министр бұл мәселенің таяу уақыттың тыңғылықты зерделенетіндігін баса айтты.

«Әріптестеріміздің барлығы тәулік бойы режимде жұмыс істеп жатыр. 3-4 сағат қана ұйықтаймыз. Бүгінгі күндегі негізгі мақсатымыз - дәрі-дәрмек жеткізу, желілерді қамтамасыз ету. Дегенмен, қор жұмысын да зерделеп бақылауға аламыз», - деді ол.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желіде Айбатыр Жұмағұловтың жұбайының «жолдасым 12-ші көлік сыйлады» деп жазған жазбасы қызу талқыға түсіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT